№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі мектепшілік бақылау «Жас Қыран», «Жас Ұлан» балалар мен жас өспірімдер қозғалысының қызметін, өзін- өзі басқару ұйымының қызметін ұйымдастыруын бақылау

Бақылау мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Бақылау мерзімі: қыркүйек-қараша
№82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» өзін-өзі басқару ұйымына 2021-2022 оқу жылында 1027 оқушы қабылданды, оның ішінде бастауыш сыныпта 746 оқушы, жоғары орта сыныпта 5-11сыныптарда 497 оқушы.
2022-2023 оқу жылында «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» өзін-өзі басқару ұйымына 377 оқушыны қатыстыру жоспарлануды. «Жас Қыран» 1-4 сынып арасында 250 оқушы, «Жас Ұлан» 5-11 сынып аралағында 127 оқушы биылғы оқу жылында қабылданады.
21.09.2022 жылы «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының Ұланбасы сайлауы өтті. Сайлауға үш үміткер іріктелініп алынды:
  1. Болатбек Ажар 10Б
  2. Ешаева Дария 10Ә
  3. Серікбай Мадияр 9В сынып оқушылары.
Сайлау нәтижесі 22.09.2022 жылы шықты. Дауыс беру инстаграм әлеуметтік желі арқылы өтті. Жиналған дауыстар бойынша 10 «Б» сынып оқушысы Болатбекова Ажар 724 дауыспен және сайлау комиссиясы шешімімен жеңіске жетті. Басқа үміткерлеріміз «Жас Ұлан» ұйымының сектор мүшелері құрамына қосылды.

23 қыркүйек 2022 жыл «Жас Ұлан» ұйымының отырысы өтті. Отырысқа қатысқанда 5-11 сынып белсенділері. Жиналыста «Жас Ұлан» ұйымының жеті бағыты бойынша оқушылардың бойындағы қасиеттірін қарай отырып «Жас Ұлан» мүшелері сайланды:
Аты-жөні Сыныбы Қызметі
1 Сейдахмет Нұрай «Зерде» бағыты
2 Асанова Асем 10а «Руханият» (адамгершілік, адалдық) бағыты
3 Таниберген Бекнур 10а «Отан» (патриоттық) бағыты
4 Көшкенбай Аида «Салауат» (салауатты өмір салты) бағыты
5 Газизова Газиа 10а «Еңбек» (Еңбексүйгіштік, іскерлік) бағыты
6 Абдуахит Томирис 10а «Эко әлем» (экологиялық) бағыты
7 Ершаева Дария 10а Жеті жарғы бағыты


Оқушыларды жалпы өзін-өзі басқару ұйымының негізгі мақсат-міндеттерімен таныстырылды. «Жас Ұлан» ұйымының жеті бағыты бойынша оқушыларға міндеттер жүктелді.


30 қыркүйек 2022 жылы «Ұстаздар күні» мерекесіне «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымы «Жақсылық жаса» челенджін ұйымдастырды. Оқушылар өздерінің ізгі тілектерін ұстаздарына білдірді. Және осы күні мектепте «Дублер күні» өткізілді. Қатысушылар Мектеп Парламентінің мүшелері болды.
Дублер күнінің мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
Дублер күнінің міндеттері:
1) білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқаруға тарту;
2) білім алушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін қалыптастыру;
3) барлық параллельдердің білім алушылары арасындағы достастықты нығайту;
4) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
5) білім алушыларда жауапкершілік сезімін, бір-біріне дұрыс қарым-қатынасты, өзара қарым-қатынастың іскерлік стилін тәрбиелеу;
6) білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін дамыту;
7) білім беру процесіндегі кері байланыстың жаңа нысандарын ұйымдастыру, білім алушылар мен педагогтердің мектептегі білім беру процесінің жай-күйін кешенді бағалауы
Қорытынды: Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің рөлінде – жоғары сынып оқушылары.Бұл күн оқушыларға дербестік, жауапкершілік тапсырылған іске адал және шығармашылық көзқарас сияқты қасиетрді дамытуға мүмкіндік береді. Ересектердің шешім қабылдау механизмдері жастарға әрдайым түсінікті емес, сондықтан дублер күнінің барлық қатысушылары аудиторияны басқару және иелену тәжірибесін алуға нақты мүмкіндік алды. Барлық қатысушылар мүдделі істе көптеген қыйындықтарды білді, мұғалімнің ауыр еңбегін түсінді.


Осы күні оқушылардан «Ұстаз болу қандай» сауалнамасы алынды:



Қыркүйек айының соңғы жексенбісі елімізді «Кіші қызметкерлер күні» немесе «Еңбек күні» аталып өтілді. Мерекеге орай «Жас Ұлан» жәні Мектеп Парламенті өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары белсене ат салысты. Оқушыларға бұл мерекенің қай уақыттан бастап шыққаны, оның тарихы жайында таныстырды мектептің кіші қызметкерлерінің жұмыс барысы түсіндірілді. Ол кісілерге құрметпен қарау керектігі ұқтырылды. Сол мақсатта оқушылар кіші қызметкерлерден сұхбат алып, өл кісілердің өміріне қызығушылық танытып, еңбегімен танысты. Және де басқа оқушыларды да еңбекті бағалауға үндеу салды.

Қыркүйек айының соңғы жексенбісі елімізде өте көп мерекелі апта болды. Соның бірі «Қарттар күні». Бұл мерекеге орай «Жас Ұлан» ұйымы инстаграм әлеуметтік желіден «Қарттарымыз қазынамыз» айдарын ашты. Бұл айдарда жас буынға қарттарымызды бағалауды, қадірлеуді және де қарттар туралы нақыл сөздер, мақал – мәтелдер жаттауды ұсынады.
Кезектен тыс Парламент сайлауы
Лицейімізде 07.10.2022 кезектен тыс Парламент сайлауы өтті. Сайлау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде комиссия алдында өз жобаларын таныстырды, қорғады. Комиссия бес адамнан құралды. «Мектеп Парламенті» сайлауына 20 оқушы қатысты, оқушылар өздерінің презентациясын ұсынды. Әр бағытта өздерінің тың идеялары мен жобаларын қорғады. Комиссия шешімі бойынша барлық қатысушылар келесі кезеңге жіберілді.
Сайлаудың екінші кезеңі 10.10.2022 күні өтті. 5-11 сынып оқушылар жабық форматта өз дауыстарын берді. Дауыстың әділ болуын «Жас Ұлан» ұйымы қадағалады. Қорытынды бойынша 283 оқушы өз дауыстарын берді. Нәтижесі төмендегідей:
Мәукен Айару-28
Әубәкір Зейне-23
Серікқали Ақниет-25
Ибрагим Али-22
Байғожа Адия-30
Шайдкова Аянат-21
Иген Айхан-20
Найман Мадина-11
Тагайбекова Аружан-5
Әбіл Еркежан-1
Әбдіжами Айғаным-3
Қазез Маржан-3
Омарова Жанель-1
Хасенова Жансая-8
Муратова Аружан-20
Болатбай Ақсамал-18
Макулбаев Ерасыл-8
Оразбекова Амина-8
Қарпыкова Айжан-8
Құттыбек Мерей-20
Сайлау нәтижесі бойынша
Мәукен Айару-28
Әубәкір Зейне-23
Серікқали Ақниет-25
Ибрагим Али-22
Байғожа Адия-30
Шайдкова Аянат-21 дауыспен парламент мүшесіне сайланды.

25 қазан Республика күні қарсаңында «Жас Ұлан» және «Мектеп Парламенті» оқушылары лицейдің мерекелік «Қазақстан бақыт мекені» концертіне қатысты. Концертте оқушылар өз қызметтері жайында түсіндіріп өз жеңістерін Республика күніне арнайтынын айтты. «Жас Ұлан» ұймының ұланбасы Болатбекова Ажар биылғы оқу жылында өзін -өзі басқару ұйымы мектепке тиімді жұмыс істейтіндері туралы Мектеп әкімшілігі, ұстаздар және оқушылар алдында ант берді.


25 қазан Республика күні қарсаңында Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында Астана қаласының білім беру ұйымдарының мектепішілік және студенттік парламенті Президенттерінің «Жаңа қадам» ұлықтау рәсімі алғаш рет және бір мезгілде өткізілді. Білім беру ұйымдарының барлық көшбасшылары үшін бұл ерекше және маңызды оқиға еліміздің болашақ жастарының патриоттық мерекесіне ұласты. Мектепішілік және Студенттік парламент - бүкіл қоршаған орта үшін, жалпы қоғам үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын тұлғалар үшін, бұл нағыз жас көшбасшылардың тамаша бастау алаңына айналды. Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен ұлықтау рәсімін салтанатты ашып, іс-шараның құрметті қонақтарының, педагогикалық еңбек ардагерлерінің қатысуымен мектептер мен колледждердің 126 көшбасшылары қиындықтардан қорықпауға, алға қойған мақсаттарына табандылықпен жетуге, туған еліне, мектепке, колледжге риясыз көмек қолын созуға, Қазақстан Республикасының нағыз патриоты және Мектепішілік және Студенттік парламентінің маңызды жобалары мен іс-шараларының белсенді қатысушылары болуға уәде берді.
Аталмыш іс-шараға лицейіміздің мектеп Президенті Сағынали Жанель қатысты.

28 қазан «Жас Ұлан» және «Мектеп Парламенті» ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларына «Күзгі қиял» атты ойын сауық кеші ұйымдастырылды.
Бұл кеште оқушылар арасында би жарысы, ақыл жарысы және де түрлі вектариналар ұйымдасытырлды. Жеңімпаздарға өзін-өзі басқару ұйымы арнайы сиялқтары табысталды. Кеш барысында «Күзгі қиялдың» ханзада мен ханшайымы оқушылардың дауыс беруі арқылы анықталды. 48 дауыспен 10 сынып оқушылары Мансұр мен Малика таңдалды. Және оған мектептің өзін-өзі басқару ұйымы арнайы алғыс хатпен өз силықтарын таратты.