Мектепке жол

2022-2023 оқу жылының
08.08.-31.10 аралығында атқарған жұмыстың есебі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 18 шілдедегі №6-15-2/3100-И хатына сәйкес оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету және білім беру ұйымдарына әлеуметтік себептермен балалардың мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында және балалар Жылын іске асыру аясында арнайы бұйрық шықты. Онда
-2022 жылдың тамызынан бастап «Жалпыны міндетті оқыту» бағдарламасына бастама беріліп, «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғастырылсын делінген.
Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерінде «Жалпыны міндетті оқыту» және «Мектепке жол» акциясы бағдарламасын ұйымдастыру өз жұмысын бастап кетті.Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы 27.07.2022 жыл №598 бұйрық бойынша.
Осыған орай, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде оқитын білім алушыларды сынып жетекшілерімен бірлесе отырып анықтап, олардың отбасы жағдайын зерттеп, қазіргі кезде 12 оқушыға қаржылай көмек көрсеттік.Қаржы көлемі 40.000 теңге, ата-ананың карта шотына түсірілді, баланың мектепке керекті заттарын ата-ана дүкендерден сатып алуда. 15 күн ішінде алынған заттарға есеп береді.( чек, накладной)

1 оқушы- асыраушысынан айырылған бала, 9 оқушы денсаулықтарына байланысты мектепішілік тізімде тұр, олар мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар, оның 7 көмек алды,1 оқушының ата-анасы көмектен бас тартты,1 оқушы басқа мектепке ауысты,3 оқушы- Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасынан, 6 оқушы-аз қамтылған көп балалы отбасынан. Жалпы саны 17 оқушы.
«Мектепке жол» акциясы қазан айының 31-не дейін болады.Сынып жетекшілер назарына биыл 1-ші сыныпқа қабылданған оқушылар арасынан,мектепке жаңадан қабылданған оқушылар арасынан көмек қажет ететін бала болса, ұсыныңыздар. Жоғарыда айтылып кеткен категорияларға лайық екенін анықтап алыңыздар.

Одан бөлек,Есіл ауданы бойынша барлық мектептерде аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушыларға аудан әкімшілігі «Мектепке жол» акциясына байланысты өз үлестерін қосып, 10 оқушыға құрал-жабдықтарымен сөмке сыйға тартты. Сөмкелерді алып келіп, тізім бойынша оқушылардың ата-аналарына табыстадым.
Тағы да Қайырымдылық қорынан 30 оқушыға сөмке беріледі, тізімін сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, Эльмира Сыйлықбекқызының атсалысуымен анықтап,аз қамтылған көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушыларға сыйлаймыз. Ол сөмкелерді әлі алған жоқпыз.
31 қазанда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аяқталды, мектебімізден 17 оқушы 40000 теңге көлемінде көмек алды.

«Мектепке жол» акциясына қатысқан мұғалімдеріміз де бар.
1.Усеинова Сауле Мыктыбаевна
2.Оспанова Гульнар Абылгазиновна
3.Курманкулова Жібек Есенгельдиновна
4.Базилова Алия
5.Бақыткүл Тургуновна
6.Жакиббекова Гульнар Есимовна
осы кісілердің берген қаржылай көмектері мектебіміздің ауласын
әрлендіруге жұмсалды.
Қазірше атқарылған жұмыстардың барысы осы.