тәрбие бөлімі

Ата-аналар жиналысының жоспары
2022-2023 оқу жылы
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орны, отбасы мүшелерінің арасында бауырмалдық, қайырымдылық, достықты арттыруда бағыт-бағдар беру, мектеп пен ата-аналардың ынтымақтастық қарым-қатынасын қалыптастыру.
Ата-аналар жиналысы Мерзімі Жауаптылар
1
  • 2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесіндегі ерекшеліктер мен ұсыныстар, санитарлық нормалардың сақталуы.
  • Лицейдің ішкі ережелерімен таңыстыру. Келісімшарт.
  • Оқушыларының лицейге келіп, кету қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
1-сынып ата-аналары
25.08.2022
Ерназар Ш.Қ
Есжанова М.С
1-сынып жетекшілері
2
«Отбасы-тәрбие бастауы»
  • 2-11 сынып оқушыларының
оқу үлгерімі бойынша кеткен олқылықтарды жою
  • Мектеп психологының кеңесі
2-11 сынып ата-аналары
27.09 -28.09.2022
Абубакирова Э.С
Есжанова М.С
2-11 сынып жетекшілері
3
«Отбасы – мектеп» жобасы аясында ата-аналарға арналған ашық есік күндері
  • І тоқсан қорытындысы , оқушылардың үлгерімі мен білім сапасы.
  • Балалар мен жасөспірімдер арасындағы оқыс оқиғалардың алдын алу және психологиялық қолдау көрсету.
1-11 сынып ата-аналары Абубакирова Э.С
Есжанова М.С
1-11 сынып жетекшілері
4
«Отбасы – мектеп» жобасы аясында ата-аналарға арналған ашық есік күндері
  • І жарты жылдық бойынша оқушылардың үлгерімі мен білім сапасы.
  • Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі, киберқауіпсіздік, кибергигиена,кибермәдениет.
1-11 сынып ата-аналары Абубакирова Э.С
Есжанова М.С
1-11 сынып жетекшілері
5
Ата-аналарға арналған ашық есік күндері .
  • ІІІ тоқсан бойынша оқушылардың үлгерімі мен білім сапасы
  • «Құқықтық сана – қауымға пана» жобасы аясында құқықтық кеңес
  • Лицейдің ішкі ережелері , мектепке әкелуге тыйым салынған заттар , қауіпсіздік шаралары.
1-11 сынып ата-аналары Абубакирова Э.С
Есжанова М.С
1-11 сынып жетекшілері
6
«Отбасы – мектеп» жобасы аясында ата-аналарға арналған ашық есік күндері
  • Жылдық қорытынды.
  • Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру
  • демалыс уақытындағы қауіпсіздігі.
1-11 сынып ата-аналары Абубакирова Э.С
Есжанова М.С
1-11 сынып жетекшілері

Тәрбие процесінде ұлттық құндылықтар мен инновациялық жобалар
2021-2022 оқу үдерісіндегі тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтарға негізделіп ұйымдастырылды.
Тәрбие процесін адамзаттың жинақтаған мәдениетін, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды оқушының жеке мәдениетіне, тұлғалық құндылығына айналдыру мақсатындағы оқушының өмір әрекетін ұйымдастыру деген ұғыммен тәрбие шаралары барлық ынталы тараптардың: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрде жүргізілу басты бағыт болды.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылықтары мен әмбебап құзырлылықтарын қалыптастыруға қол жеткізетін бағыттардың бірі – құндылыққа негізделген оқыту мен тәрбие бағдарламасы (одан әрі – Бағдарлама).
Бағдарламаның шешуші идеясы - оқу-тәрбие процесін білім алушыларды ұлттық құндылықтар негізіндегі жалпыадамгершілік құндылықтарға баулуға бағыттау.

Тәрбие жұмысы бойынша салыстырмалы сараптамалар .






Күшті жағы Әлсіз жағы

1.Ұлттық , мемлекеттік ,кәсіби мерекелерге арналған іс-шаралардың өз деңгейінде жоспарға сәйкес жүргізілу жүйелілігі.
2.Тәрбие үдерісінің барлық нормативтік құжаттарының әкімшілік тарапынан номенклатураға сәйкес толық жинақталуы.
3.Тәрбие жобалары : Дебат, «Отбасы – мектеп»; «Құқықтық сана – қауымға пана»; «Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет» , «Музей сабақтары»; «Театр сабақтары» жобасы өз деңгейінде жүргізілді.
4.Тәрбие бағыттары бойынша «Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие және құқықтық тәрбие», «Ұлттық тәрбие», «Отбасылық тәрбие, экологиялық тәрбие», «Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі», «Дене шынықтыру, салауатты өмір салты» іс шараларын сынып жетекшілерінің жауапкершілікпен белсене араласуы

1.Тәрбие жобалары бойынша мектептің өзін-өзі басқаруы, «Оқуға құштар мектеп» , «Еңбек – елдің мұраты», «Қоғамға қызмет» , ТЕД х жобалары және орта буындағы Дебат жұмысын және «Адал ұрпақ» клубы, «Жас сарбаз» балалар қоғамдастығы жұмысын жандандыру қажеттілігі .
2. Тәрбие бағыттары бойынша «Рухани-адамгершілік тәрбие», «Еңбек және Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие іс-шараларын жүйелеу.
3. Психологиялық қызмет және сынып жетекшілерінің өзара іс-қимыл әрекеттеріндегі орын алған олқылықтар.Сыныптың әлеуметтік ахуалына зерттеу,сараптау жүргізудегі кемшіліктер.
4.Әлеуметтік қызметті ұйымдастыруда ата-аналар, оқушылар,мектеп мұғалімдері үшін кеңестер,диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру .
Қауіптер Мүмкіндіктер

1.Тәрбиелік іс-шараларға орта буын оқушыларының қызығушылығының төмендеуі.
2.Кибербуллинг қауіпсіздігі,әр түрлі жағдаяттардағы оқушылар қауіпсіздігі,электронды темекі зияны туралы ақпараттандыру және жекелеген жұмыстар жүргізу,мектеп формасының талапқа сай болуын үнемі бақылауда ұстау.



1.Сынып жетекшілерінің функционалдық міндеттерін жақсы деңгейде атқаруы. Өз тәжірибесімен шығармашылық орта қалыптастыруға мүмкіндік бар.
2.Қосымша білім беру орталықтарында түрлі үйірмелерге қатысатын оқушылардың мектеп бойынша 50 пайыздан артық қамтылуы . Осы оқушылар базасын пайдалана отырып,сынып жетекшілері тарапынан түрлі инновациялық жобаларды жүргізуге тарту.
3.Сындарлы диалог және оңтайлы нәтижеге қол жеткізу тәсілі және дауларды шешуде мектеп медиация қызметін енгізу.

2021-2022 оқу жылының тәрбие үдерісіне свод талдама жасау негізінде төмендегі проблемалық мәселелер анықталды:
  1. Сынып жетекшілері тарапынан ата-аналармен өзара байланыс кезінде балалардың мүддесі үшін ынтымақтастықтың әлсіздігі;
  2. Өзін-өзі басқарудың инновациялық жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі –шығармашылық , ұжымдық және жеке формаларын дамыту.Осы тұрғыдан алғанда көшбасшы оқушылардың бірлескен ынтымақтастығын жүйелі қалыптастыра алмауымыз.
  3. Қазіргі білім беру жүйесінде психологиялық қызмет қажетті құрамдас бөлікке айналды. Педагог-психологтармен білім алушыларды оңалту,түзету және басқа да психологиялық-педагогикалық қолдау және көмек көрсету жұмыстарын жандандыру;

Шешу жолдары :
  1. Мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимыл форматын ұйымдастыруда ата-аналарды баланы оқыту мен тәрбиелеу процесіне толық тарту, ата-аналарды тәрбиелеу әдістерімен, балалардың физиологиялық және психологиялық даму кезеңдерімен таныстыру, ата-аналардың балалармен бірлескен жұмысы (үйірмелер, секциялар, клубтар, тренингтер, сапарлар), балаларды тәрбиелеу деңгейін бірлесіп бағалау, ата-аналардың мектептегі өзін-өзі басқаруға қатысуы.
  2. Өзін – өзі басқарудың инновациялық жүйесін жүйелі жүргізу. Сыныптардағы өзін-өзі басқару: сынып жиналысы, сынып активі, жұмыс секторлары. Мектептің өзін-өзі басқаруы:мектеп активі. Жалпы мектептік оқушылардың өзін-өзі басқаруы: жоғары сынып оқушыларының Кеңесі . Жалпы мектептік өзін-өзі басқару: мектеп кеңесі: оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер. Жалпы мектептік конференция.
  3. Сынып жетекшілері мен мектеп психолгі ,әлеуметтік педагог,пән мұғалімдері бірлесе отырып сыныпты зерттеу арқылы ,әр оқушыға жекелеген диагностика жүргізуді жүйелеу
Басымдығы : Иновациялық жобаларды жүзеге асыру арқылы тәрбие үдерісінде көшбасшы оқушылардың қоғамдастығын қалыптастыру.
2022-2023 оқу жылында тәрбие жұмысы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері шеңберінде іске асырылады, оның негізгі идеясы Абайдың «Толық адам» рухани мұрасында бейнеленген үйлесімді дамыған адамның ұлттық бейнесі болып танылады. Қазіргі уақытта оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізінде жатқан және күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесінде байқалатын құндылыққа бағдарланған тәсіл арқылы іске асырылады. Сонымен бірге құндылыққа бағдарланған тәсілді іске асыруда педагог тәрбие мақсатын білім беру процесіне енгізуді қарастырады; рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының элементтерін білім берудің барлық деңгейлеріндегі барлық оқу пәндері бойынша сабақтардың мазмұнына міндетті тәрбиелік компонент ретінде кіріктіреді деп болжайды.
Қолайлы білім беру ортасы педагогтердің, білім алушылардың, ата- аналардың, мектеп әкімшілігі мен қызметкерлердің өзара қарым-қатынасының сапасымен айқындалады.
Мектеп қауымдастығында бір-біріне құрметпен қарау маңызды:
  • педагогті «мұғалім» немесе аты-жөні бойынша атауы;
  • педагогтің білім алушыны аты-жөнімен атауы;
  • мұғалімдер бір-бірін аты-жөні бойынша атауы.
Қазақтың мақалында: «Сәлем-сөздің анасы», - делінген. «Қайырлы таң!»,
«Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!», «Сау болыңыз!», «Сау бол!» сөздерін қолдана отырып, білім алушылар мен педагогтер арасында достық қарым- қатынасты қалыптастыру маңызды.

Адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың бір жолы – кітап оқу. 2022-2023 оқу жылында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау, кітап мәртебесін («Кітап оқу – сән») арттыру мақсатында білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы жалғасады. Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуын жалғастыруды, оқырмандар қауымдастығын қалыптастыруды, іс-шараларға ата- аналарды қатыстыруды көздейді.
Мектеп сайтында үздік балалар әдебиеті мен мектеп әдебиетіне арналған түрлі сервистер, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу үрдісін кеңейту бойынша ресурстар (интернет-викториналар, сервистік ұсынымдар, кітапханалар туралы ақпарат және т.б.) ұсынылуы тиіс. Әрбір мектепте және отбасында 20 минуттық кітап оқу ұйымдастырылады. Мектеп холдарында үлкен үзілістерде кітап оқуды ұйымдастыру үшін «Буккроссинг» бұрыштарын құру ұсынылады.

Сабақтан тыс қызмет шеңберінде мынадай жобалар іске асырылуы мүмкін:
  1. «Отбасы-орта мектеп»,
  2. «Оқуға құштар мектеп»,
  3. «Еңбек – елдің мұраты»,
  4. «Ерте жастан экологиялық мәдениет»,
  5. «Қоғамға қызмет»,
  6. «Психологиялық қызмет және мектептегі татуласу қызметтерін ұйымдастыру».
Жобаларды білім беру ұйымы білім алушылардың отбасыларымен, басқа да әлеуметтендіру нысандарымен – білім беру ұйымының әлеуметтік серіктестерімен тұрақты өзара іс-қимылда және тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады.
Қолайлы білім беру ортасын құруда сынып жетекшісі ерекше рөл атқарады. Сынып жетекшісі үнемі сынып сағаттарын және оқушылармен жеке кездесулер өткізеді. Сынып сағаттары білім мазмұнының маңызды бөлігі болуы тиіс. Сынып сағаттарының жоспарларын жасау кезінде оқушылардың жеке қажеттіліктері мен мүдделеріне назар аудару керек. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу формалары:
  1. нақты тақырыптағы әңгіме,
  2. пікірталас, диспут, дебаттар,
  3. рөлдік ойындар,
  4. тақырыптық дәріс,
  5. сынып жиналысы,
  6. байланыс сағаты,
  7. ойын-саяхат,
  8. тренингтер,
  9. конференциялар,
  10. шеберлік сыныптар,
  11. театрлық қойылымдар.
Тәрбие саласындағы мұғалімнің үздіксіз дамуы мектептегі әдістемелік бірлестіктер аясында құндылықтарды қалыптастыру мәселелерін бірлесіп талқылауды, рефлексияны және зерттеуді қамтиды. Педагог үшін білім беру мақсаттарына қол жеткізуде шығармашылық жобалық қызметті, командалық жұмысты, өзара оқытуды (peer learning) көтермелеу үшін «төңкерілген сынып», сторителлинг, театр педагогикасы сияқты оқытудың тиімді технологияларын үздіксіз жетілдіру және іздеу маңызды. Сонымен қатар, педагогтерге оқу-тәрбие процесінде білім алушылардың бойында өсуге, өзіне деген сенімділікке, мақсатқа жетуде табандылыққа және осыған сай өзін-өзі бағалауға психологиялық көзқарасты дамыта білу маңызды.

Қорытынды ұсыныс:
  1. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында әр сынып жетекші ата-аналармен бірлесе отырып , кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға арналған тәрбиелік шараларды айына 1 рет жоспарлау . Кітапхана тарапынан 20 минуттық оқу сағатын жүйелі ұйымдастыруды жалғастыру. Әр сынып кабинеттерінде буккросинг бұрышын ұйымдастыру.
  2. Орта буын 5-7 сыныптар арасында «Дебат» ұшқыр ой алаңына қатысушы оқушылар санын көбейту . Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыруға қолдау жасау.
  3. Сыныптың әрбір оқушысының қызығушылығын ескере отырып, үйірме жетекшілерімен бірге жүйелі жұмыстар жүргізе отырып нновациялық жобаға тарту. ӘНХ көрсетілген міндетті жобаларды негізінде сынып жетекшілері жыл көлемінде іс-шаралардың әр түрлі формаларын сапалы жүргізу.
  4. «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы жұмысын жандандыру және ерлік сабақтары арқылы оқушылардың Отансүйгіштік қасиетін дамыту.
  5. «Домбыра» , « Шахмат» , «Экологиялық мәдениет» , «Адал ұрпақ» үйірмелерінің жұмысы басты назарда ұстау және іс-шараларға қатысу деңгейін арттыру.