Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жоспарына сәйкес «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы аясында 2023 жылғы 5 қыркүйекте қазақтың біртуар тұлғасы М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай Астана қаласы №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің оқушылары мен мұғалімдері «Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант жазды.
Мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту.
Күтілетін нәтижелер:
Мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту.
Күтілетін нәтижелер:
- мемлекеттік тілді меңгеру ұлтты ұйыстыру жолындағы айрықша маңызды қадам екенін жастардың санасында орнықтыру;
- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның қоғамдық маңызын арттыру; - мемлекеттік тілді меңгеру арқылы жастарға қазақстандық қоғамда өз орнын табу мүмкіндігін көрсету;
- жалпы сауаттылықты арттыруға атсалысу.
№ | Диктант өткізген мекеме | Қатысушылар саны | Қатысушылардың сапалық құрамы (этносы, кәсібі, жас шамасы) |
1 | №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі | 250 | Оқушы , 11-15 жас |
2 | №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі | 18 | Мұғалім, 27-43 жас |