30.09.2023ж. #82 "Дарын" мамандандырылған лицейінің жанынан ашылған "Бәйтерек" әкелер мектебінің жиыны өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Архат Сағдатұлының ұйымдастыруымен өткен жиын "Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі" тақырыбында өрбіді. Лицейіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақыт Серікқызы тақырыпты ашу мақсатында Сергіту сәтін ұйымдастырды. Тақырып бойынша алғы сөзді спикер ҚР Ұлттық академиясының құрметті академигі, бірнеше мемлекеттік марапаттардың иегері Өмірзақ Озғанбаев ұлттық құндылықтар арқылы бала тәрбиелеу жөнінде тілге тиек етсе, Сейітов Нұрлан заманауи технологияларды қолдана отырып бала тәрбиелеу мәселесін айтып өтті. Қатысуға келген әкелер арасында жағдағдайатты сұрақтар талқыланды. Жиында "Бәйтерек" әкелер мектебінің жұмыс жоспары бекітіліп, алдағы бірлесе атқаратын жұмыстарға тоқталды.