10-11 қараша күндері №82 "Дарын" мамандырылған лицейінде жоғары және бастауыш сынып ата-аналарына арналған ашық есік күні және 1-тоқсан қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Мақсаты: «Отбасы-мектеп» жобасы аясында ата-аналармен қатынасты үйлестіру. Жоспарға сай әр сынып жетекшісі өз сыныптарында 1 тоқсан қорытындысы бойынша жиналысымен бастап, кейіннен мектептің спорт залына өтті. Спорт залда ата-аналар әр пән мұғалімдерімен сұхбаттасып, керекті мәліметтер алып, балаларының жұмыс дәптерлері мен бақылау жұмыстарымен танысты.