25.11.23 күні, сағат 10:00-де 210 В кабинетінде 10,11 –сынып ата – аналарына арналған «Атадан өсиет, анадан қасиет» атты ата-аналармен жұмыс сағаты ұйымдастырылды. Бұл тәрбиелік жұмысты 10 «Б» сынып жетекшісі Сайлау Бекзада жүргізді. жұмыс барысында баланың өміріндегі ата-ана рөлі туралы қызықты тренинтер жүргізіліп, жағдаяттар видео арқылы көрсетіліп, ата-аналармен талқылау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, осы тәрбие сағатында 10 «Ә» сынып оқушысы Қажен Айсараның анасы Тулебаева Лаззат Балтабаевна да «Атадан өсиет, анадан қасиет» деген мақал туралы өз ойымен бөлісіп, өмірлік тәжірибесін таратып, өз баласының тәрбиесімен айналысуындағы қызықты тәрбие беру тұстарымен бөлісті.
Тәрбие сағатын қорытындылау мақсатында сынып жетекшісі Сайлау Бекзада «Blob Tree» ағашы әдісі арқылы кері байланыс жүргізді. Ата-аналар бүгінгі тақырып бойынша өз ойларын айтып қорытындылады.
Жалпы тәрбие сағатын Сайлау Бекзада қорытындылады: әкенің өсиеті мен ананың ең жақсы қасиеттері бала тәрбиесінде маңызды екенін атап өтті.