“Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” атты іс-шара

Мектебімізде “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі”республикалық жедел-профилактикалық іс-шара аясында ЕАПБ полиция капитаны Нурмаганбетова Д. оқушылармен кездесу өткізді. Іс-шара жол көлік жарақаттануының алдын алуға, көшелер мен жолдардағы қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты бағытталған. Жолдардағы жағдайды тұрақтандыру үшін кәмелетке толмағандардың жол қауіпсіздігінің негізгі ережелері туралы ақпарат берілді.
Балалардың жол-көлік жарақаттануының негізгі себебі кәмелетке толмағандардың жол жүру ережелерін елемеуі, атап айтқанда, белгіленбеген жерлерде жолдан өтуі, қырағылық пен зейін деңгейін төмендететін құлаққаптарды, сымсыз гарнитураларды пайдалануы жайлы ескертілді.