Лицейімізде «Жеңгелер» клубының ұйымдастыруымен «Сырласым- сырғалым» атты заманауи жеңге мен қайын сіңілі үлгісінің көрінісін сипаттайтын сыр-сұхбат өтті.
Бүгінгі сыр сұхбат қонақтары:
7-А сыныбының атынан Оразбекова Томирис жеңгесі Қошқарова Ақжан Арманқызы
7-Ә сыныбының атынан Мұрат Малика және жеңгесі Ибраева Динара Муратқызы
7-Б сыныбынан Еркінбек Аяюлым жеңгесі Әуелбекова Динара.
8-А сыныбының атынан Маман Назым жеңгесі Мұстажапқызы Балғаным
8-Ә сыныбынан Аблахат Тамирис және жеңгесі Әуесхан Гүлмира
8 "Б" сыныбы Хасенова Жансая жеңгесі Қайыргазинова Меруерт
Сонымен қатар әжелер мектебінен бір топ әжелер келді.
Гүлжан апай,Гүлшара Қадіршіновна,Раушан Елубайқызы
Ботагөз Амангелдіқызы,Гүлнира Ниязбековна.
Жеңгелеріміз халқымыздың салтымен ардақты әжелер мен жиналған қауымға иіліп сәлем беріп қуантып көргендік танытса әжелеріміз:
«Көп жаса», «Біздер де ақ самайлы әже болып,немере шөбере сүйіңіздер!»
деп тілек,баталарын білдірісті. Жеңгелерімізбен ақылдаса отырып сұлу қыздарымыз үшін әр сынып өз аруларына «Сырғалым», «Ақ моншақ», «Ерке қыз», «Айкөркем», «Көзайым», «Қызжібек», «Тұмарым» ат қойып еркелетунің куәсі болдық.Қонақтар құрметіне сұлу қызымыз Альмира мен жеңгеміз Гүлнара Сапарқызы «Сырғалым-сырласым» әнімен отырыстың сәнін кіргізді. Жеңге мен сіңілі арасындағы сырластық, сыйластық туралы жағдаяттық тапсырмалар беріліп жеңгелер өз шешімдерін айтып өнеге көрсетіп жатты. Жеңгелеріміз көрермендермен қосылып «Мен қазақ қыздарына қайран қаламын» әнін караокемен шырқады. Сонымен қатар көкөністерді жеуге ыңғайлы әрі эстетикалық талғамға сай етіп сәндеп әзірлеу жолын көрсетті. Сыр-сұхбат өткізуіміздің мақсаты халқымызда қалыптасқан керемет дәстүр бойынша жеңге мен сіңілі арасындағы қарым-қатынастың жалғасын шыңдау, жеңгелердің қыз тәрбиелеуге қосар үлесінің маңызын,заманауи жеңгелер мен қайын сіңілілердің үлгісін таңдау болса. Сыр-сұхбат өз мақсатына жетті. Қатысып ,жауапкершілікпен ұрпақ тәрбиелеуге ат салысқан барлық жеңгелер мен сұлу қыздарымызға,отбасыларына алғысымызды білдіреміз!