«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында І жарты жылдықта атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат

Лицейімізде 1 жарты жылдық барысында «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында бірнеші іс-шаралар жүзеге асырылды. Бұл жобаның негізгі мақсаты - кітап оқу арқылы оқушы бойында жоғары азаматтық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Оқу белсенділігін, оқу құзіреттілігін дамыту. Отбасымен бірге кітап оқу дәстүрін жаңғырту. Оқушылардың зияткерлік әлеуетін көтеру.
Жоба аясында төмендегі кестеге сай іс-шаралар өткізілді.
Іс-шаралар Формасы
«BOOKТАНЫМ» Әлеуметтік желіде оқыған кітап бойынша айдар
Буктрейлер Оқыған кітаптары бойынша бейнеролик -12
2б,2в,2г,2ғ,3а,3в,3д,4ғ,4ж,4е,9б,5б,5в,9в,9а,8ә
Кітап оқыдым, сурет салдым Оқыған кітаптары бойынша сурет салу - 26 сурет
«Кітап сыйла» Кітап сыйлау акциясы -25 кітап
«Шағын сынып кітапханалары» Сыныптағы кітапхана -12
«Буккросинг» бұрышы Кітапқа арналған бұрыш ашу -1
«Тұлға болам» 5 сыныптар арасында сайыс
«Оқуға құштар отбасы» 3-сыныптар арасында сайыс
«Атам мен әжем – асыл қазынам» 6-7 сыныптар арасында сайыс
«Зияткер отбасы» Қалалық отбасылық сайыс ,8 сынып (Байнұрқызы Нұрсила, «Ұлағатты отбасы номинациясымен марапатталды)
«READx» жобасы Қалалық «READx» жобасына 2 мұғалім қатысты (Тобыктина А.С., Шаттық А)
Республикалық балалар оқулары байқауы «Ертегілер әлемінде» номинациясы бойынша 4 сынып оқушысы Тастхан Масғұт І орын ,
«Кел балалар, оқылық!» номинациясы бойынша Кеңесбек Айша ІІ орын алды.
Оқуға ұсынылған кітаптар 2-4 сыныптар , «Ұлы дала ертегілері» кітабы
5 сыныптар , Нұрдәулет Ақыштың «Нағыз әже қайда?» кітабына енген «Момақан қыз» повесі
8-сыныптар Асқар Алтай «Аютамыр» кітабы .
9-сыныптар , ағылшын тілінде берілген шетел әдебиет үлгілерін оқу
Қалалық «Ізгілік педагогикасы» сайысы Мектеп мұғалімдері Ш.Амонашвилидің «Ізгілік педагогикасы» кітабын оқып, талқылады. Бейнероликті қалалық сайысқа ұсынды.
Көрме Кітапханада тақырыптық көрме -8

«Оқуға құштар мектеп» жобасын жандандыру мақсатында мектептің әлеуметтік сайтында «BOOKТАНЫМ» айдары ашылды. Оқушылар оқыған кітаптары туралы түсірілген буктрейлерін осы айдарда жариялап отырды. Жалпы сыныптардың жеке әлеуметтік парақшаларында жарияланған буктрейлер саны - 16 , «Үздік» буктрейлер ретінде мектептің әлеуметтік инстаграмм парақшасында жарияланғандар саны - 6 ( 4Ғ,9Б,4Е,2Ғ,4Д,4Е сыныптары) .
«Кітап оқыдым ,сурет салдым» іс-шарасына 2Б,2В,2Г,2Ғ.3А,3Ә,3В,3Г,3Д,4Ғ,4Ж 4Е,5А,5Ә,5В,5Гсыныптары өте белсенді қатысты. Оқыған кітаптары бойынша бастауыш сыныптар ертегі кейіпкерлерінің суретін салса, 5-сыныптар М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесіне өз шығармашылықтарын арнады.


«Мектепті шағын кітапханаға айналдыр» , «Кітап сыйла» акциясы жүргізілді. Бұл акцияға мектеп басшысы, мектеп педагогтары және оқушылар да белсенді қатысты. 11 Ә -14 кітап, 10А -3 кітап , 5Б-1 кітап,5В-2кітап, 9В-1 кітап, 9А-1 кітап,7А-3кітап, 8Б-1 кітап барлығы 25 кітап жиналды. Бастауыш сыныптар арасында 2Ә,2Г,3Ә,3Д,3Г,3Ғ, 4А ,4Е, 4Г,4Ғ, 4Ә, 5В сыныптарында сыныптың шағын кітапханасы ашылды. Барлығы - 12 сыныптағы кітап бұрышы.

«Оқуға құштар» жобасын негізге ала отырып , мектепішілік бірнеше сайыстар өтті. 2022 жылдың 29 қыркүйек айында 7 сынып жетекшілері Турганбекова А.Т., Ермағамбет Г.Ө., Қуандыкова А.Қ., ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында қарттар мерекесіне орай «Атам мен Әжем - асыл қазынам!» атты мектепішілік байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін және оқушы бойына кітап оқу арқылы халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, жоғары азаматтық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Отбасымен бірге кітап оқу дәстүрін жаңғырту.
Байқауға 6-7 сыныптың әжелері мен немерелері қатысты. Олар:
  • 6 «А» сыныбы Нұрлан Айзере мен әжесі Нурсеитова Бахытжамал
  • 6 «Ә» сыныбының оқушысы Батырхан Елназар мен әжесі Толқын Қайрулловна.
  • 6 «Б» сыныбының оқушысы Саинов Сағи мен әжесі Бахыткуль Шалимбетовна
  • 7 «А» сыныбының оқушысы Шаих Ханшайым мен әжесі қоғам қайраткері Оразгуль Асанқызы
  • 7 «Ә» сыныбының оқушысы Сабит Айбек пен әжесі Гүлшара Кадіршінқызы
  • 7 «Б» сыныбының оқушысы Елжасова Аделя мен әжесі Кулжиян Каратаевна
Аталмыш байқау 3 кезеңнен тұрды:
  1. кезең: Таныстыру
  2. кезең: «Біз оқыған бір кітап»
  3. кезең: «Жұлдызды сәт» (өз өнерлерін көрсету)
«Біз оқыған бір кітап» кезеңінде қатысушылар отансүйгіштік, еңбек, отбасы, білім тақырыптарын қамтитын 1 кітап оқып және оны көрермендерге көрініс қойылымы арқылы, презентациялық мазмұндау арқылы жеткізді. Қатысушылар өздері оқыған «Жау тылындағы бала», «Жусан иісі», «Гарри Потер», «Ұшқан ұя» кітаптарын талқылады.


«Дарындылар әлемі-2022» онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі 5-сыныптар арасында «Тұлға болам десеңіз» зияткерлік сайысы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойымен байланыстыра отырып, шығармашылығын насихаттау, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Әрбір тұлғаның кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Оқырманның кітапқа деген ерекше көзқарасын қалыптастыру.
Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде жалпы сынып оқушылары «Көксерек» повесін оқып, гугл формада тест тапсырмасын орындады. Нәтижесінде жоғары ұпай жинаған оқушылардан топ құрылды. Сайыстың екінші кезеңі «Менен сұрақ, сізден жауап», «Суреттер сыр шертеді», «Кейіпкер рөлінде...» бөлімдерінен тұрды.
«Менен сұрақ, сізден жауап» кезеңінде асық таңдау арқылы бейнесұрақтар мен кітап бойынша қойылған сұрақтарға топ мүшелері жауап берді.
«Суреттер сыр шертеді» кезеңінде үй тапсырмасы ретінде «Көксерек» шығармасынан ұнаған эпизодтың мазмұнын ашатын тақырыптық сурет салу берілген болатын. Топ мүшелерінің бірі ортаға шығып, салған суреттерін қорғады.
«Кейіпкер рөлінде...» кезеңінде топ мүшесі ұяшық бойынша таңдалған кейіпкер образына еніп, өз көзқарасын білдіре алды.
Іс-шараға лицейіміздің түлегі, Республикалық сайыстардың жеңімпазы, бүгінгі күні Астана қаласындағы Назарбаев университетінің студенті Бекен Аида қонақ ретінде шақырылып, 5-сынып оқушыларына ақыл-кеңесін айтып, жүрекжарды тілегін білдірді.
Сайыстың төрелігін айтар қазылар алқасына бағалау парағы мен дескриптор дайындалды. Нәтижесінде қазылар алқасы бағалау парағындағы талаптарды басшылыққа алып, сайыс қорытындысын шығарды. Жүлделі орындарға ие болған топқа мадақтама беріліп, Ыбырай Алтынсарин, Бердібек Соқпақбаевтың кітаптары сыйға тартылды.

Қызықты жүргізілген мектепішілік сайыстардың бірі 3 сыныптар арасында жүргізілген «Оқуға құштар отбасы» сайысы.

Бұл сайыстың негізгі мақсаты: оқушылардың оқырмандық дағдысын қалыптастыру,оқу мәдениетін дамыту, ата-ананы тәрбие үрдісіне тарту. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде «Ер Төстік» ертегісі бойынша LAPBOOK құрастыру. Некінші кезең «Бәйге» кезеңі, «Ер Төстік» ертегісі бойынша тапсырмаларды орындау. Үшінші кезең «Образға кір» , ертегідегі образдарды сомдау. Төртінші кезең «Бір сөзбен жауап бер» , сұрақтарға жауап беру. Бұл сайысқа 3 –сыныптар арасынан 8 отбасы қатысты.
Сонымен қатар, мектебіміздің аға тәлімгері Айбота Шаттқызы және бастауыш сынып мұғалімі Тобыктина Айман Сапашевна қалалық деңгейде ұйымдастырылған «READx» жобасына қатысты.
Мектеп мұғалімдері мұғалімдер күні қарсаңында Ш.Амонашвилидің «Ізгілік педагогикасы» кітабын оқып, талқылады. Түсірілген бейнероликті қалалық сайысқа ұсынды.
Жеткен жетістіктеріміз де бар . Республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңінің 3-4 сыныптар арасындағы «Ертегілер әлемінде» номинациясы бойынша 4 сынып оқушысы Тастхан Масғұт І орын , 5-6 сынып оқушылары «Кел балалар, оқылық!» номинациясы бойынша Кеңесбек Айша ІІ орын алды. Республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңіне жолдама алған 4 сынып оқушысы Тастхан Масғұт қалалық сайыста ІІІ орын иеленді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру жылдың соңына дейін жалғасады. Қысқы демалыс барысында әр сыныпқа 2 кітаптан оқуға ұсынылып отыр. ІІ жарты жылдықта «READx» жобасы жүзеге асырылады.
Жобадан күтілетін нәтижелер:
  • Мектеп оқушыларының кітап оқу белсенділігі артады;
  • Отбасымен бірге кітап оқу дәстүрі жалғасады;
  • Оқушылардың оқырмандық мәдениет тәрбиесі дамиды;
  • Кітап алмасу қозғалысы дамиды;
  • Кітап оқуға ынталандыру мақсатында байқаулар өтеді.