Астана қаласы Білім басқармасының 2022 жылғы 21 қыркүйектегі «Заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы» №756 , 14.03.2023 № 582 бұйрықтарына сәйкес ,Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 9-бабы негізінде № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейі директорының 2022жылғы 26 қыркүйектегі №260 ,2023 жылдың 31 наурызындағы № 109 бұйрығы шығарылып, 2023-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Мектеп әкімшілігі тарапынан іс-шараның жүйелі орындалуын бақылауға міндетті тұлғалар бекітілді. Педагогикалық ұжым мүшелерімен,ата-аналармен түсіндірме,ақпараттандыру жиналысы өткізілді.