№82 “Дарын” мамандандырылған лицейінде 13 желтоқсан күні 4 сыныптар арасында “Тәуелсіздік - тәтті ұғым таңдайдағы! ” тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті. Мақсаты: Оқушылардың өз Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге үйрету. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбиелік іс-шара барысында оқушылар бейбіт заманда, өз тілімізді, ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді сақтап жүруіміз тәуелсіздік арқасында екенін көрініс түрінде көрсетті. Желтоқсан оқиғасына қатысып, сол кездегі көтерілісті көрген мектебіміздің аяулы ұстазы Гүлжанат Жақсылыққызымен кездесу болып, оқушылар көкейде жүрген көп сұрақтарына жауап алды. Тәуелсіздік туралы тақпақтар айтылып, «Тәуелсіз ел ұраны» хорымен іс-шара аяқталды.
Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген Қазақ елі, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік.