7 сәуір күні лицей психологтары 8,9,10 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқына әсер етуші фактордың бірі: Ата ана мен бала қарым-қатынасының бұзылуы» тақырыбында психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: ата-аналарға аутодеструктивті мінез-құлық белгілері туралы мағлұмат беру, оқушыға психологиялық қолдау көрсету жолдарымен таныстыру, оқушы үнін тыңдап, үйлесімді қарым-қатынас жасауға шақыру. Жұмыс барысында өмірден мысалдар келтіріле отырып, жаттығулар жасалып, арнайы дайындалған презентация мен бейнеролик көрсетілді. Ата-аналар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарына жауаптарын алып, кері байланыс жасады.